12:15, 25 Ақпан 2025 | GMT +5
Кирилл Курдиди тректегі велоспорттан Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді
АСТАНА. KAZINFORM – Тректегі велоспорттан Қазақстан құрамасының спортшысы Кирилл Курдиди Малайзияда өткен Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді.

Спортшы гит сайысында қола медаль жеңіп алды. Ол 1 000 метр қашықтықты 1 минут 0,666 секундта жүріп өтті. Жарыста жапониялық Рюто Итида жеңіске жетсе, күміс жүлдені қытайлық Ци Лю иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында командалық жарыста үшінші орын алған еді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Странджа кубогінің алғашқы жарыс күнінде бір боксшымыз жарыс жолынан шығып қалғанын жазған едік.