Кирилл Проходов жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия чемпионатында қола алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақтандық семсерлесуші Кирилл Проходов кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды. 

Кирилл Проходов жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия чемпионатында қола алды
Фото: ҰОК

Қазақстандық спортшы іріктеу кезеңінен сәтті өтті.

Жекпе-жек кезеңінде Кирилл алғашқы айналымда иорданиялық Абдалла Альнасерді жеңді. Кейін қытайлық Ся Бояннан басым түсті.

Үздік сегіздікке шығу үшін өткен кездесуде ол командаласы Богдан Лукинмен бақ сынасып, 15:9 есебімен жеңіске жетті. 

Ширек финалда Проходов қытайлық Ши Джинзені жеңді. Алайда жартылай финалда Гонконг спортшысы Ман Юенмен өткен тартысты жекпе-жекте бір ұпай айырмашылығымен – 14:15 есебімен жеңіліп қалды. 

Осылайша, Кирилл Проходов Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады. 

Бұған дейін бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы халықаралық турнирден 21 медаль жеңіп алғанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар