Қыркүйекте шекарашылар 4 мыңнан астам заң бұзушыны ұстады
АСТАНА. KAZINFORM - ҰҚК Шекара қызметі 2026 жылғы қыркүйекте Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында құзырлы органдармен өзара іс-қимыл жасап, шекара кеңістігінде Қазақстан заңнамасын бұзған 4 138 адамды ұстады. Оның ішінде 3 502-сі – шетел азаматтары.
Сондай-ақ шекара арқылы 2,5 млрд теңге сомасында тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 1 598 фактісінің алды алынды.
Оның ішінде:
- 37 факті – есірткі заттарына қатысты;
- 62 факті – қарулар мен оқ-дәрілерге қатысты. Оның ішінде 2 дана травматикалық қару, 2 дана газ қаруы және 77 дана оқ-дәрі бар;
- 816 факті – көлемі 80 тоннадан асатын, жалпы сомасы 24,1 млн теңге болатын жанар-жағармай материалдарына қатысты;
- 549 факті – жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарларға қатысты;
- 134 факті – сомасы 1,2 млрд теңгеден астам валютаға қатысты.
Каспий теңізінің акваториясында браконьерлікпен айналысудың 48 фактісінің алды алынды. 41,7 км браконьерлік құрал, сондай-ақ 145 дана (840 кг) бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Алдын алған шығын сомасы 350 млн теңгеден астамды құрады.
Құзыреті шеңберінде Шекара қызметі 66 қылмыстық іс қозғап, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар 34 млн теңгеден астам айыппұл салынған 3 607 әкімшілік іс өндірісте.
-Қалған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдауы үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді,-делінген хабарламада.
Айта кетейік, Мемлекет башсысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЮРИКС жиынында трансшекаралық инфрақұрылымға төнген қауіп туралы айтқан болатын.