Қыркүйекте жылдық инфляция 8,3% болды: тариф пен отынның бағасы өсіп кеткен
АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылғы қыркүйекте тұтыну бағаларының айлық индексі баяулап 0,4% жетті (ағымдағы жылғы тамызда – 0,6%). Ақылы қызметтердің бағасы 1%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 0,6% өсті. Азық-түлік тауарлары бағасының индексі өзгеріссіз қалды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында суық суға тарифтер – 6,2%, су бұру мен электр энергиясына тарифтер 1,1%-дан өсті. Жеке жалпы білім беру ұйымдарының қызметтеріне баға деңгейі 17,1%, кәсіптік орта білім беруге – 12,3%, жоғары білім беруге 10,3% өсті.
Бағаның өсуі отынға – 2,9%, тас көмірге 2,5% байқалды. Автокөлік бағасы 1,7%, жиһаз бен тұрмыстық заттар – 1,4%, киім мен аяқ киім 0,9% өсті.
Азық-түлік өнімдерінен баға қиярға – 11,9%, апельсинге – 7,8%, жұмыртқаға – 6%, қызанаққа – 5,1%, күнбағыс майына 4,1% өсті. Бағаның төмендеуі картопқа – 13,5%, сәбізге – 11,9%, жүзімге – 10,3%, пиязға – 10%, қызылшаға 5,9% байқалды.
Өңірлердің ішінде ең жоғары айлық инфляция Қызылорда облысында – 1% (орташа республикалық деңгейден 0,6 п.т. жоғары), ең төменгі – Павлодар, Маңғыстау және Жамбыл облысында.
Өңірлер бөлінісінде ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Маңғыстау облысында – 0,6%, азық-түлік емес тауарларына – Абай облысында 2,1%, ақылы қызметтерге – Қызылорда облысында 2,7% өсті.
2024 жылғы қыркүйекте жылдық мәнде инфляция деңгейі 8,3% құрады. Ақылы қызметтердің бағасы – 13,6%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 7,6%, азық-түлік тауарларының бағасы 5,1% өсті.
2023 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда тарифтер орталықтан жылытуға – 33%, суық суға – 29,4%, су бұруға – 24%, электр энергиясына – 23,7%, қоқыс шығаруға – 18,1%, ыстық суға 17,4% өсті. Байланыс қызметтері – 15%, денсаулық сақтау қызметтері 11,6% қымбаттады. Ацетилсалицил қышқылының бағасы – 48,9%, белсендірілген көмірге – 31%, хилак фортеге – 25%, парацетамолға 16% өсті. Қызанақ – 28,2%, сарымсақ – 25,6%, қияр – 22,5%, банан 12,9% қымбаттады. Керісінше, жылдық мәнде қырыққабат – 26,5%, қарақұмық жармасы – 22,5%, лимон – 18,4%, сәбіз – 12,8%, күнбағыс майы 12,1% арзандады.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.
2024 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 42,0%, азық-түлік емес тауарлар – 29,8%, ақылы қызметтер 28,2% болды.