18:54, 04 Мамыр 2009 | GMT +5
Кішкентай қыз баланы зорламақ болған азамат ұсталды
АҚТАУ. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Ақтауда азғындық әрекетке барып, кішкентай қызды зорламақ болған 20 жасар бозбала ұсталды. Енді оның 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ішкі істер басқармасына сілтеме жасап. Оқиға Ақтау қаласының шағын ауданындағы үйлердің бірінің кіреберісінде болған. Ойнап жүрген 2,5 жасар қызды алдап кіреберіске шақырып алған әлгі жігіт тапа?тал түсте оған нәпсі құмарлық сипаттағы әрекеттер жасаған. Оның бұл әрекетін үй ауласында ойнап жүрген өзге балалар көріп, ата-анасына хабар берген. Оқиға орнына шұғыл түрде келіп жеткен құқық қорғау органдарының қызметкерлері куәгерлердің көмегімен іздестіру жұмыстарын жүргізіп, сол күні?ақ күдікті азаматты қолға түсірді. Күдікті кінәсін мойындады. Қазір ол уақытша оқшаулау орнына қамауға алынды.