Кісі өлтірген күдікті 1 жылдан кейін қолға түсті - ҚР ІІМ

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Кісі өлтірген күдікті 1 жылдан кейін қолға түсті.
None
None

Бұл туралы бүгін апталық брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Алматы қалалық криминалдық полиция қызметкерлері бұзақылық ниетте адам өлтіргені үшін өткен жылдың тамызынан бері іздеуде жүрген Оңтүстік Қазақстан облысының 41 жастағы тұрғынын ұстады», - деді ол.

Ресми өкілдің атап өтуінше, күдіктінің Мақтарал ауданы Атакент ауылының тұрғынына жанжал кезінде пышақ салғаны анықталған. Жәбірленуші пышақ жарақатынан көз жұмғандығын атап өткен ол: «Күдікті уақытша оқшаулау орнына қамалды», - деді.

Соңғы жаңалықтар