Кісі өлтірген қылмыскер 7 айдан кейін ұсталды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Өткен жылдың маусым айында Шу ауданының Көктөбе ауылында осы ауданның А. есімді тұрғынын жергілікті танымал кәсіпкердің 26 жастағы Е. есімді ұлы өлтірген болатын.
None
None
Екі жас жігіттің арасында кикілжің орын алып, Е. араздасушыны мылтықпен атады, ал А. алған жарақатының салдарынан аудандық аурухананың реанимация бөлімінде көз жұмады. Шу аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Қанат Төлебаевтың айтуынша, аурухананың қызметкерлері оқиға туралы полицияға екі сағаттан кейін емес, дереу хабарлаған жағдайда, қылмыскерді ұстауға болатын. Полиция қызметкерлері хабарды алып, әрекет етіп үлгергенше, негізгі күдікті қашып кетеді. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде 7 ай бойы Қазақстанның түрлі өңірінде және көрші мемлекеттерде бой жасырып келген азамат Е. ұсталды. Қашқын Алматыда немере бауырының үйінде ұсталып, қазір Шу аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша оқшаулау абақтысына жабылды. Ол өз кінәсін мойындап, тергеушілерге жауап беруде. Жамбыл облыстық Ішкі істер департаменті қылмыстық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Мұрат Мұстафаевтың айтуынша, өткен 2008 жылы жамбылдық сақшылар 118 қылмыскерді іздеп тауып, ұстады, олардың төртеуі ? қасақана кісі өлтірген қылмыскерлер болса, бесеуі ? қарулы шабуыл жасағандар.
Соңғы жаңалықтар