Қысқы Азиада: Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы басты қарсыласынан басым түсті
ХАРБИН.KAZINFORM - Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Харбин қысқы Азиада ойындарында қатарынан үшінші рет жеңіске жетті.

А тобының үшінші матчында, отандастарымыз Азия құрлығындағы басты қарсыласы Жапониямен кездесті.
Бірінші кезеңде, жапондық хоккейшілер алдымен есеп ашты. 15-минутта, Александр Борисевич есепті теңестірді.
Екінші кезеңде, Қазақстан құрамасы шабуылды ұдетіп, қарсылас қақпасына екі шайба соқты. Әділ Бекетаев және Евгений Рымарев мергендік танытты.
Соңғы кезеңде, Жапония құрамасы қорғанысқа көңіл бөлді. Алайда, Роман Старченко орайлы сәтті пайдаланып есеп ашты.
Қортындысында, Қазақстан құрамасы жарысты 4:1 есебімен түйіндеп, топтық кезеңде қатарынан үш матч жеңді.
Келесі кезекте, отандастарымыз 10 ақпан күні А тобының соңғы матчында өнер көрсетеді, қарсылас Корея командасы.
Еске салайық, Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы топтық кезеңнің алғашқы матчында Тайландты 12:0 есебімен, ал екінші матчында қытайды 6:1 есебімен жеңген еді.