08:49, 11 Ақпан 2025 | GMT +5
Қысқы Азия ойындары: Биатлоннан қыздар құрамасы жүлдеге бір табан жетпей қалды
ЯБУЛИ. KAZINFORM – ІХ қысқы Азия ойындарының биатлоннан қыздар арасындағы 7.5 шақырым спринт жарысы мәресіне жетті.

Қазақстан құрамасы сапында Дарья Климина, Арина Крюкова, Ольга Полторанина және Полина Егорова өнер көрсетті.
Қортындысында, Арина Крюкова қазақстандық спортшылар арасында ең үздік нәтиже көрсетіп, төртінші орынан көрінді. Ал, Ольга Полторанина және Дарья Климина 5-7 орын алды.
Бұл сында Корея құрамасының спортшысы Екатерина Аввакумова чемпион болса, қытайлық Мэн Фачи және Тан Жиялин екінші-үшінші орынды өзара бөлісті.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, келесі кезекте қазақстандық спортшылар биатлоннан ерлер арасындағы 10 шақырымдық сында өнер көрсетеді.