Қазақстан спортшыларының Қысқы Азия ойындарына киетін формасын демеушілер тігіп берді

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайда өтетін IX қысқы Азия ойындарына қатысатын қазақстандық спортшылардың формасын дайындауға ел бюджетінен қаражат бөлінген жоқ. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлім етті.

Азия ойындарында қазақстан құрамасы қандай форма киеді 
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

- Спортшылардың формасы ұйымдастыру комитетімен келісіліп, қысқы олимпиада стандарттарына сай, яғни Харбиннің ауа райына сай тігілді. Спортшылар, басқа да спорт мамандары тарапынан жақсы қабылданды. Спорттық киім демеушілердің тарапынан тігіліп, сыйлық ретінде беріліп отыр - деді Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Осылайша, министр спортшылардың формасын дайындауға бюджеттен қаржы бөлінбегенін айтып отыр.

Айта кетейік, қысқы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары 51 медаль жиынтығы үшін күреседі.

Айтулы спорт бәсекесінде еліміздің намысын 138 спортшы қорғайды.

Соңғы жаңалықтар