Қысқы Олимпиада: Қазақстан делегациясы алаңға кірді
ЛИВИНЬО.KAZINFORM – Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтіп жатыр.
Салтанатты іс-шараның ең қызықты кезеңі – спортшылар шеруі. Олимпиадалық дәстүрге сәйкес, грек делегациясы алаңға бірінші болып кірді. Ал қалған делегациялар өз елдерінің итальян тіліндегі бірінші әрпіне сәйкес алфавиттік тәртіппен шеруді жалғастырды. Шеруді қабылдаушы итальян делегациясы соңғы болып аяқтады.

Қазақстан делегациясы алаңға 44-ші болып кірді, еліміздің көк байрағын шорт-трекші Денис Никиша және фристайлшы Аяулым Әмренова биік көтеріп жүрді.

Негізгі іс-шара Милан қаласындағы әйгілі «Сан-Сиро» олимпиадалық стадионында өтіп жатқанымен, биылғы Олимпиаданың негізгі жарыс алаңдары саналатын Ливиньо, Предаццо және Кортина-д’Ампеццо қалаларында бір мезгілде спортшылар шеруі өтті.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстаннан биыл 36 спортшыны Олимпиада ойындарына жолдама алып, спортшылар саны жөнінен алғашқы 25 мемлекет құрамына енді.

