04:23, 13 Ақпан 2026 | GMT +5
Қысқы Олимпиада: қазақстандық спортшылардың 13 ақпандағы жарыс кестесі
ЛИВИНЬО. KAZINFORM — 13 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының алтыншы жарыс күні басталды.
Бүгін 6 қазақстандық спортшы төрт спорт түрінен жарыс жолына шығады.
Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:
15:45 — шаңғы жарысы, жекелей сайыс (ерлер)
Қатысушылар: Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков
18:00 — биатлон, спринт (ерлер)
Қатысушылар: Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов
23:00 — мәнерлеп сырғанау, еркін бағдарлама (ерлер)
Қатысушы: Михаил Шайдоров
Еске сала кетсек, қазақстанды фристайл-могулы Павел Колмаков қысқы Олимпиада ойындарында жарыс жолына шығып, 75.70 ұпаймен 16-орыннан көрінді.