Қысқы универсиада: Бүгін ел құрамасынан кімдер сайысқа түседі

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 19 қаңтарда Италияның Турин қаласында 2025 жылғы Қысқы универсиаданың бесінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы, спорттық бағдарлау және шайбалы хоккейден сынға түседі.

Қысқы универсиада: Бүгін ел құрамасынан кімдер асйысқа түседі
Фото: icehockey.kz

Шаңғы жарысынан аралас командалық спринтте Ілияс Исабек, Лаура Кыныбаева, Святослав Матасов, Елизавета Толмачева жарыс жолына шығады.

Ал спорттық бағдарлау ерлерде спринтте Давид Сиволапов, Александр Фирсов, Иван Биткин, Никита Иост, Илья Таганашкин, әйелдерде Анжелика Гарифова, Валерия Чупина, Ангелина Кузьмина, Евгения Завьялова және Карина Боранбаева сайысқа түседі.

Ал шайбалы хоккейден ерлер арасында ширек финалда Қазақстан мен Словакия ойнайды.

Еске салсақ, қазірге дейін қазақстандық спортшылар медальдар кестесінде үш алтын, төрт күміс, үш қола алды. Ел құрамасы қоржынына қос алтынды фристайлшы Анастасия Городко салса, биатлоннан 10 шақырымдық спринт жарысында Никита Акимов та жеңіс тұғырына көтерілді.

Ал Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев (екеуі де фристайл жұптық-могул) және Денис Зинов екі мәрте (парашаңғы, 10 шақырым, 1400 метр спринт) күміс, Роман Құрбанов екі мәрте (парашаңғы, 10 шақырым, 1400 метр спринт), биатлоншы Арина Крюкова қола медаль алды.

Еліміз жүлде саны жөнінен медальдар кестесінде алтыншы орында келеді.

Соңғы жаңалықтар