Қысқы универсиада: қазақстандық парашаңғышылар тағы екі жүлде алды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Италия астанасы Турин қаласында өтіп жатқан Қысқы универсиада ойынддарында Қазақстан құрамасы қоржынына тағы екі медаль түсті.

Қысқы универсиада: Қазақстан қоржынына тағы екі медаль түсті
Фото: Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы

Ел құрамасынан Денис Зинов парашаңғыдан 1400 метрге спринт жарысында күміс жүлдегер атанды. Қазақ спорт және туризм академиясында білім алатын ол бұдан бұрын 10 шақырымдық еркін жүрісте күміс медальға қол жеткізген еді.

Ал көзі нашар көретін спортшылар санатында парашаңғыдан ерлер арасындағы 1400 метрге спринт жарысында Роман Құрбанов мәре сызығын үшінші болып қиды. Осылайша ол студентік ойындардың 2 дүркін қола жүлдегері атанды. Қостанай колледжінде білім алып жүрген ол универсиадада бұдан бұрын 10 шақырымдық еркін жүрісте үздік үштіктен көрінген еді.

Еске салсақ, қазақстандық спортшылар медальдар кестесінде екі алтын, үш күміс, бір қоламен екінші орында келеді. Ел құрамасы қоржынына қос алтынды фристайлшы Анастасия Городко салды.

Ал Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев (екеуі де фристайл жұптық-могул) және Денис Зинов (парашаңғы, 10 шақырым) күміс, Роман Құрбанов (парашаңғы, 10 шақырым) қола медаль алды.

https://kaz.inform.kz/news/kiski-universiada-kazakstan-medaldar-kestesnde-uzdk-ushtkke-end-ab449b/

Соңғы жаңалықтар