Қыстың қақаған суығында Кентауда құлпынай пісті

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Кентау қаласына қарасты Құсшы ата елді-мекенінде орналасқан «Мұхаммед-Әли» шаруақожалығы жыл он екі ай бойы құлпынай өсіріп келеді. 

Қыстың қақаған суғынада Кентауда құлпынай пісті
Фото: Kazinform

Елді-мекен Кентау қаласына жақын орналасқандықтан, мұндағы шаруалар өз өнімдерін алдымен қалаға жөнелтеміз деп отыр. Себебі, кентаулықтардан сұраныс көп түседі. Ал, апта сайын өтетін жәрмеңкеде құсшыаталық құлпынайларды жергілікті халық кезекке тұрып сатып алады.

- Бұйырса, өнім көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Біз егіп жатқан құлпынайдың сұрпы өте өнімді. Әр түптен мол өнім алу ойымызда бар. Отбасылық шаруашылық болғасын жұмыс көзі кейде өзімізден артылмайды. Ал, өнім көбейген сәтте жалдамалы жұмысшыларды жұмысқа тартамыз, - дейді шаруа Ұлықбек Атаханов.

Қыстың қақаған суғынада Кентауда құлпынай пісті
Фото: Kazinform

Шаруақожалық негізінен құлпынай және таңқурай өсірумен айналысады. Бүгінгі таңда мұндағы 21 соттық жерге құлпынай егілген. Ал, жылына жобамен 1 тоннадан астам өнім жиналады. 

Мұнда құлпынайдың 6 сорты бар. Ашық далада өсетін азия, клери, лохти түрлері жылына бір рет өнім береді. Ал, жылыжайдағы мурана, анабиал, альбион түрлерінен жыл он екі ай бойы жеміс алуға болады. 

Қыстың қақаған суғынада Кентауда құлпынай пісті
Фото: Kazinform
Қыстың қақаған суғынада Кентауда құлпынай пісті
Фото: Kazinform

Шаруа қажетті көшеттерді Алматы қаласынан алдырады. Ал, өнімнің негізгі тұтынушылары Кентаулықтар мен Түркістан қаласының тұрғындары.

- Жаз айларында құлпынайды күнара терсек, қыста аптасына бір рет жинап аламыз. Сәуір, мамыр айларында келісі 800 теңгеден болса, қыста 5 000 теңгеге дейін сатамыз, - дейді шаруа Ұлықбек Атаханов.

Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістан облысында бір өзі екі ауданға қарайтын ауылдар бар екенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар