Қыста қар аз түсуі диқандарға қауіпті ме

АСТАНА. KAZINFORM – Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Азат Сұлтанов қарсыз қыстың диқандарға қалай әсер ететіні туралы пікір білдірді.Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында журналист биылғы қарсыз қыс диқандарға қалай әсер ететінін айтты.

Снегозадержание проводят на полях аграрии СКО
Фото: baraev.kz

- Біз егіс алқаптарын сақтандыруға көшкенімізге бірнеше жыл болды. Сақтандырудың екі негізгі түрі бар. Оның бірі – артық ылғалдан сақтандыру. 2023 жылы 30 күннен астам толассыз жаңбыр жауып, егін оруда қиындықтар туындады. Сақтандырудың екінші түрі – ылғалдың тапшылығы. Сақтандыру компанияларына төленетін сыйлықақы сомасының 80%-ы мемлекет тарапынан субсидияланады. Сондықтан фермерлер іс жүзінде алқапты тегін сақтандыра алады деуге болады. Қыс қарсыз болса, көктемгі егіс жағдайын нашарлатады, - деді вице-министр. 

Еске салсақ, елдегі диқандардың 12 пайызы гектарына 7-8 центнерден ғана өнім алған болатын. 

Соңғы жаңалықтар