Қыстың соңғы күні қай жолдарда қозғалыс шектелді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

Қыстың соңғы күні қай жолдарда қозғалыс шектелді
Фото: Балагазиев Ерназ / Kazinform

Ұлттық компанияның мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар келесі жолдар жабық тұр:

Қызылорда облысы

• «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті», 12-216-шақырым (Қызылорда қаласы — Ұлытау облысы шекарасы).

Ұлытау облысы

• «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» 216-424-шақырым (Қызылорда облысы шекарасы — Жезқазған қаласы).

Абай облысы

• «Қарағанды — Аягөз — Тарбағатай — Богас» 320-528-шақырым (Қарағанды облысы шекарасы — Баршатас ауылы).

Жамбыл облысы

• «РФ шекарасы — Мартөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының «Қордай асуының жаңа айналма жолы» учаскесі, 159-238-шақырым (Кенен ауылы — Қайнар ауылы).

Павлодар облысы

* «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысындағы Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 28 ақпанда елдің бірнеше өңірінде боран, тұман, көктайғаққа байланысты ескерту жасаған еді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум