Қытай 15 қарашадан бастап ЕО брендиіне қарсы антидемпинг шараларын енгізеді

АСТАНА.KAZINFORM - ҚХР сауда министрлігі 15 қарашадан бастап Еуропалық Одақ (ЕО) брендиіне қарсы уақытша антидемпинг шараларын енгізбекші. Бұл туралы Қытай сауда министрлігінің сайты хабарлады.

бренди
Фото: Freepik

Ведомство мәлімдемесінде тиісті тергеу нәтижелері бойынша ЕО-да өндірілген брендиді импорттау кезінде демпингтің орын алғаны айтылған. Осыған байланысты бұл алкогольді сусынның қытайлық өндірушілері айтарлықтай зиян келтіру қаупіне ұшырайды.

2024 жылдың 15 қарашасынан бастап ЕО бренди импорттаушы компаниялары 30,6%-дан 39%-ға дейінгі демпингтік маржа негізінде депозит төлеуі керек. Бұл шаралар көлемі 200 литрден кем ыдыстардағы жүзім негізіндегі спиртті сусындарға қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Қытай 2024 жылдың қаңтарында Еуропалық Одақтан келетін брендиге қарсы антидемпингке тергеуді бастаған болатын.

Біз бұған дейін ЕО Қытайдан келетін электромобильдерге соңғы импорттық баж салығын салғанын, сонымен қатар Temu платформасына қатысты тергеу жүргізетінін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар