Қытай 2024 жылы электр қуатын өндіру көлемін ұлғайтты
АСТАНА.KAZINFORM — Қытайдың Ұлттық статистикалық бюросының (NBS) мәліметінше 2024 жылы Қытайдың электр энергиясын өндірудегі жылу электр станцияларының үлесі шамамен 60% құрады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

2024 жылдың соңына қарай жылу электр станцияларындағы өндіріс 6,344 трлн кВт/сағ (+1,5%) құрады.
Жалпы, Қытайда өндірілген электр энергиясының көлемі 2024 жылдың соңына қарай 9,418 триллион кВт/сағатқа жетіп, 4,6%-ға өсті.
Су электр энергиясын өндіру 1,27 трлн кВтсағ (+10,7%), атом электр станциялары — 444,9 млрд кВтсағ (+2,7%), күн электр станциялары — 419 млрд кВтсағ (+28,2%), жел энергиясы — 936 млрд кВтсағ (+11,1% құрады).
2024 жылы Қытайдың электр энергиясын тұтынуы 6,8%-ға өсті. Жылдағы жалпы көрсеткіш 9,85 трлн кВт/сағ құрады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қытай мен Ресей басшылары ел арасындағы қарым-қатынасты тереңдетуге уағдаласқанын жазған болатынбыз.