Қытай 2031 жылы Марстан топырақ үлгілерін алуды жоспарлап отыр

АСТАНА. KAZINFORM — Қытай «Тяньвэнь-3» миссиясы аясында Марс топырағының үлгілерін алып, оларды шамамен 2031 жылы Жерге қайтаруға ниетті, деп жазды Синьхуа ақпарат агенттігі.  

поверхность Марса
Фото: NASA/JPL-Caltech

Қытайдың алыс ғарышты зерттеу зертханасының негізгі ғылыми мақсаты — Қызыл ғаламшардағы тіршілік белгілерін іздеу. 

«Тяньвэнь-3» екі ұшырылымы шамамен 2028 жылға жоспарланған. Бұл миссияның мақсаты — Марсқа қону, үлгілерді жинау және оларды кешенді опреациялардың бірі кезінде қайтару. Бұл жағдайда қону алаңы да сынама алу алаңына айналады. 

Зертхана қызметкерлері, оның ішінде миссияның бас ғалымы Хоу Цзэнцянь мен бас конструктор Лю Цзичжун «National Science Review» журналының қараша айындағы басылымында жарияланған қысқаша мақаласында өздерінің зерттеу стратегиясын атап өтті. Онда олар «үлгілерді қайдан алу керек», «не таңдау керек», «үлгілерді қалай жинау керек», «алынған материалдарды қалай пайдалану керек» сияқты мәселелерді қозғады.

Олар 86 әлеуетті қону алаңын ұсынды. Аталған алаңдар негізінен Хрис жазығы (Chryse Planitia) және Утопия жазығының (Utopia Planitia) көне аймақтарында шоғырланған, олар ежелгі жағалау сызығы, ежелгі көлдер мен каньондар жүйелері сияқты әртүрлі геологиялық орталарды қамтиды. Бұл олардың пайда болуы мен сақталуы үшін қолайлы жағдай жасайды делінген мақалада.

Топ беттік сынамаларды алу және бұрғылау әдістерін қолдана отырып, биосигнатураларды қалай анықтауға, қайдан табуға және қалай сақтауға болатынын анықтауға уәде берді. Олар мақалада сондай-ақ биосигнатураларды анықтау үшін арнайы әзірленген жаңа құралдарды әзірлеу қажеттілігін атап өтті.

«Тяньвэнь-3» миссиясы халықаралық ынтымақтастық аясында әзірленген пайдалы жүкті тасымалдайды және Қытай Марс топырағы үлгілері мен анықтау деректері бойынша бірлескен зерттеулер жүргізу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдармен ынтымақтасады. 

Қытай сонымен қатар Юпитер эволюциясының тарихын және оның серіктерінің эволюциясын зерттеу үшін «Тяньвэнь-4» миссиясының бөлігі ретінде юпетериан жүйесін зерттеуді жоспарлап отыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда Қытайдағы Қазақстан туризм жылы жабылды.

Соңғы жаңалықтар