Қытай АҚШ-қа салынатын баж салығын тоқтату мерзімін 90 күнге ұзартады
Қытай Мемлекеттік кеңесінің Кедендік тариф комиссиясы Қытай мен АҚШ арасындағы қосымша тарифтердің бір бөлігін тоқтата тұру мерзімін ұзарту екі мемлекет басшыларының 5 маусымдағы телефон келіссөздерінде қол жеткізген маңызды консенсусты одан әрі жүзеге асыру қадамы екенін атап өтті.
Ведомство бұл қадамның екі жақтың да даму мақсаттарына жетудегі мүдделеріне сай және жаһандық экономиканың өсуі мен тұрақтылығына ықпал ететінін қосты.
Бір күн бұрын, 11 тамызда АҚШ президенті Дональд Трамп та Қытайдан келетін тауарларға баж салығын енгізуді тағы 90 күнге шегеріп, бұрынғы келісімнің мерзімі аяқталуға санаулы сағаттар қалғанда тиісті бұйрыққа қол қойды.
Сейсенбі күні АҚШ пен Қытай шілденің аяғында Стокгольмде өткен сауда-экономикалық келіссөздерден кейін бірлескен мәлімдеме жасады. Құжатқа сәйкес, тараптар 2025 жылдың 12 тамызынан бастап қосымша баж салығын енгізуді 90 күнге тоқтатуға келісті.
Бұған дейін Трамп Қытайға қарсы баж салығын 90 күнге кейінге қалдырғанын жазған едік.