Қытай әлемдегі ең ұзақ әуе рейсін іске қоспақ

АСТАНА. KAZINFORM — Желтоқсанда China Eastern Air Holding әуе компаниясы әлемдегі ең ұзақ әуе рейсін іске қосады. Жаңа бағыт Шанхайдан Буэнос-Айреске дейінгі рейсті қамтиды, деп хабарлайды Kazinform.

Қытай әлемдегі ең ұзақ әуе рейсін іске қоспақ
Фото: freepik

Zhongguo Wang басылымының жазуынша, шамамен 20 мың шақырымға созылатын бұл әуе қатынасы екі мегаполистің арасындағы жол уақытын 25 сағатқа дейін қысқартпақ.

Ұзақ қашықтық пен ұшақтардың техникалық мүмкіндіктеріне байланысты рейс барысында Жаңа Зеландияда аралық қону жоспарланған.

Дәстүрлі бағыттар Еуропа немесе Солтүстік Америка арқылы бірнеше ауысымды қажет етсе, жаңа рейс жалпы уақытты 30 сағаттан 25 сағатқа дейін азайтады.

Сарапшылардың айтуынша, Оңтүстік Американың ірі астаналарын Бейжің және Шанхаймен тікелей байланыстыратын тұрақты әуе қатынастары Қытайдың халықаралық әуе желісін осы ең алыс нарыққа дейін кеңейтуге жол ашады.

Қазіргі уақытта ең ұзақ «тікелей» рейс рекорды Air China компаниясына тиесілі. Ол Пекин мен Сан-Паулу арасындағы бағытты Мадрид арқылы жүзеге асырады.

Бұған дейін Гонконгтан Қазақстанға тікелей рейстер ашу жоспарланып отырғаны хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар