Қытай алғашқы ғарыштық туризм жобасын таныстырады
АСТАНА. KAZINFORM – Қытай 14-16 қараша аралығында Шэньчжэньдегі Халықаралық көрме орталығында өтетін 27-ші Қытай халықаралық жоғары технологиялар жәрмеңкесінде елдің алғашқы ғарыштық туризм жобасын таныстырады, деп хабарлайды China Daily.
Жергілікті биліктің мәліметінше, Қытайдың ғарыштық туризм бағдарламасының бастамашысы – Қытайдың аэроғарыштық ғылым және технология корпорациясы.
Биыл 400 мың шаршы метрлік алаңда жасанды интеллект, жартылай өткізгіштер, төмен биіктіктегі экономика және коммерциялық ғарышкерлік саласындағы ұлттық жобалар мен озық әзірлемелер таныстырылады.
Іс-шараға Қытайдың ең ірі 40 мемлекеттік кәсіпорны, соның ішінде China Southern Power Grid, China Rare Earth Group және China Electric Equipment Group компаниялары қатысады. Empyrean Technology, OpenHarmony және Guangming Laboratory сияқты жетекші компаниялар мен зерттеу орталықтары да өздерінің технологиялық шешімдерін ұсынады.
Жәрмеңке аясында форумдар, роуд-шоулар және сатып алу сессияларын қоса алғанда жалпы 200-ден астам іс-шара өтеді. Ұйымдастырушылар көрменің Қытай үшін озық технологиялар мен инновацияларды таныстырудың негізгі алаңы ретіндегі рөлін атап өтіп, оған шамамен 450 мың келушіні күтіп отыр.
Осыған дейін Қытай мен АҚШ порт алымдарын бір жылға тоқтатқаны туралы жаздық.