Қытай алғашқы төрт айда 1,4 триллион доллар құрайтын жаңа несие берді

АСТАНА.KAZINFORM - 2025 жылдың алғашқы төрт айында Қытай жалпы сомасы 10,06 триллион юань (1,39 триллион доллар) құрайтын жаңа несие бере бастады. Бұған Қытай Халық банкінің (Орталық банк) мәліметі дәлел, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Народный банк Китая (Центробанк)
Фото: Baidu

2025 жылдың алғашқы төрт айында үй шаруашылығына берілген несие 518,4 миллиард юаньға, ал бизнеске берілген несие 9,27 триллион юаньға өсті.

Алғашқы төрт айда Қытайдағы юань депозиттерінің көлемі 12,55 триллион юаньға жетті, оның 7,83 триллион юаны халық депозиттерінен түскен.

Орталық банк атап өткендей, ағымдағы жылдың сәуір айының соңына қарай айналыстағы қолма-қол ақшаны және барлық депозиттерді қамтитын М2 ақша массасының көлемі бір жылмен салыстырғанда 8 пайызға артып, 325,17 триллион юаньға жетті.

Сонымен қатар, айналымдағы қолма-қол ақшаны, талап ету депозиттері мен банктік емес төлем мекемелері клиенттерінің есепшоттарындағы қаражатты қамтитын М1 ақша массасының көлемі 109,14 триллион юань болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға өсті.

Айта кетейік, Сәуір айында Қытайда экспорт 8 пайызға өскен.

Соңғы жаңалықтар