Қытай әскері Тайвань айналасында жаттығуларын бастады

Армия Китая начала военные учения вокруг Тайваня
Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM – Бейсенбі күні таңғы сағат 07:45-те Қытай Халық- азаттық армиясы (ҚХАА) Тайвань аралының айналасында бірлескен әскери жаттығуларын бастады. Бұл туралы ҚХР Қорғаныс министрлігінің сайтында хабарланды.

Оқу-жаттығулар Тайвань бұғазында, Тайвань аралының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында, сондай-ақ Цзинмэнь, Мацзу, Уцю және Дунъинь аралдарының айналасындағы аудандарда өтуде.

ҚХАА Шығыс жауынгерлік қолбасшылық аймағының баспасөз хатшысы Ли Си мәлім еткендей, 23-24 мамыр күндері жауынгерлік қолбасшылықтың аталған аймағының құрлықтағы әскерлері, әскери-теңіз күштері, әскери-әуе күштері және зымыран күштерінің әскери қызметкерлері «Бірлескен өткір қылыш-2024» код атауымен бірлескен оқу-жаттығуға қатысады.

Оның айтуынша, оқу-жаттығу барысында Әскери-теңіз күштері мен Әскери-әуе күштерінің бірлескен патрульдік қызметі, ұрыс даласында жан-жақты бақылау құқығын бірлесіп иелену және негізгі нысандарға дәл соққы беру жұмыстары басты назарда болады. Ол оқу-жаттығу кезінде ҚХАА әскери кемелері мен ұшақтары патрульдеу үшін Тайвань аралының айналасындағы аудандарға жақындайтынын және ҚХАА-ның Шығыстағы жауынгерлік қолбасшылығының нақты жауынгерлік мүмкіндіктерін сынау үшін арал ішінде және одан тыс бірлескен жауынгерлік кешенді операциялар жүргізілетінін қосып айтты.

Соңғы жаңалықтар