Қытай әскери техникасын экспорттауға ниетті екенін білдірді

АСТАНА. KAZINFORM – Қытай Халық Республикасы достас елдермен әскери техникаларын бөлісуге дайын. Бұл туралы ҚХР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Цзян Бинь брифинг барысында мәлім етті.

п
Фото: mod.gov.cn

Оның айтуынша, қару-жарақ экспортында Қытай әрдайым жауапты және байыпты саясат ұстанады.

– Біз Қытайдың әскери техниканы дамытудағы жетістіктерін достас мемлекеттермен бөлісуге және өңірлік, жаһандық тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз етуге үлес қосуға дайынбыз, – деді Цзян Бинь.

Айта кетейік, Украина Қытайдың бес компаниясына қарсы санкциялар енгізді.

Соңғы жаңалықтар