Қытай ауыл шаруашылығындағы апат салдарын жоюға 484 млн юань бөлді
АСТАНА. KAZINFORM — Қытай билігі ауыл шаруашылығындағы табиғи апаттардың алдын алу және салдарын жою шараларын қолдау үшін орталық бюджеттен 484 миллион юань (шамамен 68,12 миллион АҚШ доллары) жұмсады, деп жазады Синьхуа.
Бұл туралы жұма күні ҚХР Қаржы министрлігі хабарлады.
Аталған қаражат Қаржы министрлігі мен ҚХР Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігі тарапынан Хэбэй, Шаньси, Цзянсу, Аньхой, Шаньдун, Хэнань және Шэньси провинцияларындағы тиісті жұмыстарды қолдауға бағытталады.
Бұл қаражат ауыл шаруашылық техникалары арқылы астық жинау жұмыстарын жеделдетуге, дымқыл астықты кептіруге және су астында қалған егістік алқаптарды құрғату шараларына жұмсалады. Бұл күзгі астық өнімін толық жинап алуға мүмкіндік береді.
ҚХР Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігінің хабарлауынша, жұма күнгі жағдай бойынша елдегі күзгі астықтың жартысынан астамы жиналған.
Еске салсақ, қазан айының басында Қытайдың оңтүстігінде «Матмо» тайфуны салдарынан тұрғындар жаппай эвакуацияланды.