Қытай аумағында екі рет жер сілкінді

Қытай
Фото: Анадолы

АСТАНА. KAZINFORM - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі сағат 17:07 және 17:09-де жер сілкінісін тіркеді.

Бірінші жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 268 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан – афтершок.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,8. MPV Магнитудасы 4.3. Жер сілкінісінің координаттары – 41,26° с.б. 78,84° ш.б. Тереңдігі – 10 км.

Қазақстан аумағында сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) туралы ақпарат жоқ.

Екінші жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 255 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан – афтершок.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,1. MPV Магнитудасы 4.3. Жер сілкінісінің координатты – 41,37° с.б. 78,79° ш.б. Тереңдігі –10 км.

Қазақстан аумағында сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) туралы ақпарат жоқ.

Соңғы жаңалықтар