Қытай Айға ұшар алдында робот иттерді сынақтан өткізіп жатыр

 АСТАНА. KAZINFORM - Қытайлық ғалымдар Айдың астарындағы қабаттарды зерттеуге бағытталған дайындық аясында роботтандырылған иттерді сынақтан өткізіп жатыр, деп хабарлайды South China Morning Post.

Китай тестирует робособак перед миссией на Луну
Фото: SCMP

Бұл қабаттар болашақта тіршілік етуге қолайлы аймақ ретінде қарастырылып отыр.

Бейжің университетінің Компьютерлік ғылымдар мектебінің командасы Айдың жерасты қабаттарын зерттеу мақсатында екі түрлі робот үлгісін әзірлеп, Қытайдың Хэйлунцзян провинциясындағы лава үңгірінде сынақтан өткізді.

Зерттеу тобы таңдаған сынақ алаңының геологиялық құрылымы Айдың жерасты бедеріне барынша ұқсас. Роботтар лидар жүйелерімен жабдықталған және өздігінен жүріп-тұруға, карта құруға, сондай-ақ үңгірлердің құрылымын жоғары дәлдікпен үш өлшемде (3D) бейнелеуге қабілетті.

Бірінші робот прототипі құмырсқа жегіш жануарының бейнесіне ұқсас етіп жасалған және күрделі жағдайда әртүрлі тапсырмаларды орындай алады. Екінші прототип — саламандра атауын алған құрылғы. Ол кедергілерге толы жерде еркін қозғалып, жергілікті аумақты зерттеу үшін жасалған.

— Айдың бетінде температура тәулігіне 300 градус Цельсийге дейін ауытқиды, бұл кез келген құрылғының жағдайына әсер етеді. Ал Ай астындағы үңгірлер салыстырмалы түрде тұрақты климатымен ерекшеленеді. Бұл жерлерде зерттеу кешендерін орналастырып, болашақта адам тұруға болатын станцияларды салуға мүмкіндік бар, — дейді Бейжің университетінің ғалымы Ли Цзяци.

Ғалымдардың айтуынша, жоба аясындағы түпкі мақсат — терең ғарыш кеңістігін зерттеуге арналған, толықтай Қытайда жасалған автономды робот әзірлеу. Ол болашақта Айда және Марста ғылыми миссияларды орындай алуы тиіс.

Осыған дейін Қытайда Ай топырағынан кірпіш жасауға арналған аппарат жасалғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар