Қытай банкінің бұрынғы менеджері сыбайлас жемқорлық үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Қытай
Фото: ВВС

1993-2001 жылдар аралығында Қытай банкі филиалының басшысы болған Сюй Гоцзюньге Қытайдағы ең ірі сыбайлас жемқорлық ісіне қатысты  2,3 млрд юань  (325 млн доллар) жымқырды деген айып тағылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Kazinform бұл туралы ВВС жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сот мәлімдемесіне сәйкес, Сюй және Қытай банкінің тағы екі қызметкері амалын тауып жалған несие алған. Екі сыбайласы бұған дейін 12 және 13 жылға бас бостандығынан айырылған.

2001 жылы АҚШ-қа қашып кеткен Сюй екі жыл бұрын еліне күштеп қайтарылды. Ол сот үкіміне шағымданбайтынын айтты. Сонымен қатар оның бар мүлкі тәркіленді. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қазіргі уақытта ұрланған ақшаның 2 млрд. юаннан астамы өндірілген.

Бұп президент Си Цзиньпиннің қаржы секторындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы науқанындағы соңғы жаңалық. Мемлекеттік банктердің басқа да жоғары лауазымды қызметкерлері айыппұл төлеп, қамауға алынды немесе тергеліп жатыр.

Қазан айында Қытай банкінің бұрынғы төрағасы Лю Лянге пара алды және заңсыз несие алды деген күдікпен қамауға алынды. China Life Insurance компаниясының бұрынғы төрағасы Ван Бинь қыркүйекте өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол да сыбайлас жемқорлыққа кінәлі деп танылды.

Соңғы жаңалықтар
telegram