Қытай банкінің бұрынғы төрағасы өлім жазасына кесілді

АСТАНА. KAZINFORM — Сейсенбі күні Қытай банкінің бұрынғы төрағасы Лю Ляньгэ пара алғаны және заңсыз несие бергені үшін үкімді орындау мерзімі екі жылға шеттетілген өлім жазасына кесілді. Бұл туралы Xinhua ақпарат агенттігі хабарлайды.

Экс-председатель правления Банка Китая приговорен к смертной казни
Фото: Xinhua

Ақпаратқа сәйкес, Шаньдун провинциясының Цзинань қаласының халық соты Лю Ляньгэні шамамен 16,8 млн доллар көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп тапты.

Сот анықтағандай, Лю Ляньгэ 2010-2023 жылдар аралығында Қытай Экспорттық-импорттық банкі мен Қытай банкінде басшылық қызметтерді қоса алғанда, әртүрлі лауазымдарды атқара отырып, үшінші тұлғалардың мүддесі үшін өзінің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, оларға несиелік қаржыландыру, жобалар бойынша ынтымақтасу және кадрлық тағайындау сияқты мәселелерде көмек көрсетіп, оның орнына пара алып отырған.

Сонымен қатар, сотталушы заң нормаларын бұза отырып, қажетті талаптарға сай келмейтін компанияларға жалпы сомасы 3,32 млрд юаньнан астам несие беруге көмектескені, салдарынан негізгі қарыз сомасы 190,7 млн юаньнан асқаны анықталды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Жапонияда өлім жазасын жарты ғасырдан көп күткен тұтқын ақталғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар