Қытай биілігі сирек кездесетін металдар экспортына қажет лицензияны қарау мерзімін жеделдетеді

АСТАНА. KAZINFORM - Қытай жаһандық өндіріс, жеткізу тізбегінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін сақтауға үлкен мән береді. Бұл туралы Қытай Сауда министрлігінің баспасөз хатшысы Хэ Ядун мәлім етті, деп жазады Kazinform.

Китай
Фото: pixabay

— Қытай сирек кездесетін металдарды экспорттау лицензиясына өтінім қарауды жеделдетіп жатыр — деді ол.

Оның айтуынша, Қытай белгілі бір өтінімдерді мақұлдады және бұл процесті жалғастырады. Қытай тарапы экспорттық бақылау мәселелері бойынша тиісті елдермен диалогты нығайтуға дайын.

Айта кетейік, Қытай 2025 жылдың сәуір айында «ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ядролық қаруды таратпауды қоса алғанда, халықаралық міндеттемелерін орындау» мақсатында 7 сирек жер металының (самарий, тербий, скандий, иттрий және т.б.) экспортына шектеу қойған болатын.

Қытай жоғары технологиялық құрылғыларды өндіруде кеңінен қолданылатын сирек кездесетін металдарды әлемдегі ең ірі жеткізушілердің бірі.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2022 жылы Қытайдың үлесіне әлемдегі сирек кездесетін металл өндірісінің 63%, сирек металдарды өңдеудің 85% және сирек жер магниті өндірісінің 92% тиесілі.

Осыған дейін Қытайдың сирек металл экспортына қойылған шектеуді жеңілдетуі мүмкін екені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар