Қытай билігі су тасқыны салдарын жоюға 30 млн доллар бөлді

АСТАНА. KAZINFORM - Қытайдың оңтүстік өңірлерінде су тасқыны қаупіне байланысты елдің Су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік штабы төтенше әрекет етудің 4-деңгейін енгізді.

последствия наводнений в Китае
Фото: thepaper.cn

2025 жылғы 18-23 маусым аралығында Қытайдың оңтүстік аймақтарында қатты нөсер жауын жауып, кейбір өңірлерде 300 мм-ден астам жауын-шашын тіркелген.

Гуйчжоу провинциясындағы төтенше жағдайдан кейін бүлінген инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін елдің орталық бюджетінен 100 миллион юань (шамамен 15 миллион АҚШ доллары) бөлінді.

Сондай-ақ Гуандун мен Хунань провинцияларына материалдық-техникалық көмек ретінде қосымша 100 миллион юань бағытталды.

Қытай билігі табиғат апатынан ең көп зардап шеккен Гуйчжоу провинциясына арнайы жұмыс тобын жіберіп, жергілікті билікке қолдау көрсетіп, төтенше жағдай салдарын жою шараларын үйлестіріп отыр.

Айта кетейік, Қытайда су тасқынына қатысты төтенше жағдайларға ден қоюдың төрт деңгейлі жүйесі қолданылады. Қазіргі енгізілген 4-деңгей – ең төменгі, алайда ол ауқымды дайындық шараларын қажет ететін нақты қауіптің бар екенін білдіреді.

Қытайда су тасқыны салдарынан 80 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Соңғы жаңалықтар