Қытай ДСҰ-ның әлемдік саудадағы рөлін күшейтуге шақырды

БЕЙЖІҢ. KAZINFORM – Қытай көпжақты сауда жүйесін қолдайды және Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) жаһандық экономикалық басқаруда маңызды рөл атқарғанын қалайды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Китай призывает усилить роль ВТО в мировой торговле
Фото: mofcom.gov.cn

Бұл туралы ҚХР Сауда министрі Ван Вэньтао ДСҰ бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен кездесуінде мәлімдеді.

ҚХР Коммерция министрлігінің мәлімдемесінде айтылғандай, Ван Вэньтао ДСҰ жеке мүшелер тарапынан тарифтерді ерікті түрде көтеру жағдайында біржақты тарифтерге бақылауды күшейтіп, тиісті мүшелерді екі жақты сауда келісімдерін ДСҰ ережелеріне сәйкес келтіруге және басқа мүшелердің мүдделеріне зиян келтірмеуге шақыру үшін объективті және бейтарап саяси ұсыныстарын беруі тиіс екенін атап өтті.

- Қытай көпжақты сауда жүйесін табанды түрде қолдайды және ДСҰ-ның жаһандық экономиканы басқаруда маңыздырақ рөл атқаруын жақтайды, - деп келтірді ҚХР Коммерция министрлігі Ван Вэньтао сөздерін.

Қытайлық шенеунік ДСҰ реформаларына қатысты сөзінде Қытай дауларды реттеу механизмінің қалыпты жұмысын тезірек қалпына келтіруді, консенсус негізінде шешім қабылдауға икемді, тиімді және жауапты тәсілдерді зерттеуді, инвестиция мен электронды коммерцияны жеңілдетуді, сондай-ақ сауда және қоршаған орта, жеткізу тізбегінің тұрақтылығы және жасанды интеллигенция мәселелері бойынша пікірталас өткізуді қолдайтынын атап өтті.

Бұған дейін ДСҰ «тариф соғысына» байланысты әлемдік сауданың құлдырайтынын болжағанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар