Қытай ЕО-дан келетін сүт өнімдеріне субсидияға қарсы шаралар енгізді

АСТАНА. KAZINFORM — Қытай сейсенбі күні Еуропалық Одақтан келетін кейбір сүт өніміне уақытша өтемақы шараларын енгізді, деп хабарлайды ҚХР Сауда министрлігі.

Китай ввел антидемпинговые пошлины на европейскую свинину
Фото: europeaninterest.eu

Ведомство хабарлағандай, тергеу барысында Еуропалық Одақтан келген сүт өнімдеріне субсидия берілгені анықталған. Сол кезде Қытайдың өз сүт өнеркәсібі едәуір зиян шеккен, ал субсидиялар мен келтірілген шығын арасында тікелей байланыс бар екені белгілі болған.

Қабылданған шаралар тиісті сүт өнімдерін импорты кезінде уақытша субсидияға қарсы депозиттерді енгізуді қарастырып отыр. Қосымша алымдар көлемі нақты экспорттаушы компанияға байланысты 21,9%-дан 42,7%-ға дейін болады.

Бұл шешім Қытай сүт қауымдастығы мен Қытай сүт өнеркәсібі қауымдастығының өтінішінен кейін 2024 жылдың 21 тамызында басталған алдын ала тергеу қорытындыларына негізделген.

Бұған дейін Қытай еуропалық шошқа етіне демпингке қарсы баж салығын енгізгенін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар