Қытай Еуропалық Одақтан келетін алкоголь өнімдеріне салықты өсірді

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың коммерция министрі 5 шілдеден бастап, Еуропалық Одақ елдерінен жеткізілетін бренди импортына енгізілетін баж салығын 5 жылға ұлғайту туралы шешім қабылдады, деп жазады DW.

бренди
Фото: Freepik

Салық мөлшерлемесі Hennessy, Remy Martin және Martell сияқты ірі француздық өндірушілер үшін өсіріледі.

Антидемпингтік тергеу қорытындысы бойынша Hennessy өнімдеріне кедендік баж 34,9% мөлшерінде белгіленді, Remy Martin – 34,3%, ал Martell – 27,7% мөлшерінде болады. Сонымен қатар Pernod Ricard және Remy Cointreau сияқты бірқатар өндірушілерге баға міндеттемелерін сақтайтын болса, уақытша кешірім беріледі.

Бұл шешім түпкілікті болып табылады және 2024 жылы басталған, негізгі бөлігі Францияда өндірілетін еуропалық бренди импортына қатысты тергеудің жалғасы саналады.

Француз компаниялары үшін Қытай нарығы стратегиялық маңызға ие, өйткені оған коньяктың жалпы экспортының 25%-ы тиесілі. Ал көшбасшы ел – АҚШ, оның үлесі 38% болып отыр.

Бейжіңнің бұл бастамасы Еуропалық Одақта қытайлық электромобильдерге қосымша баж салығын енгізу мәселесі талқыланып жатқан кезеңде көтеріліп отыр.

Осыған дейін Еуропалық Одақ Temu мен Shein-нің арзан тауарларына баж салығын енгізуді ұсынғаны туралы жадық.

 

Соңғы жаңалықтар