Қытай ғалымдары қырыққұлақтан сирек кездесетін элементтерді тапты
АСТАНА. KAZINFORM — Қытайлық ғалымдар қырыққұлақтың сирек кездесетін элементтерді жинай алатынын анықтады. Бұл туралы Синьхуа агенттігі Environmental Science & Technology журналына сілтеме жасап хабарлады.
Сирек кездесетін металдар таза энергия саласы үшін маңызды және жоғары технологиялық өнеркәсіпте қолданылуы мүмкін. Алайда олардың өндірісі мен жеткізілуі экологиялық және геосаяси мәселелерге байланысты қиындықтар туғызады.
Бұрын белгілі болғандай, кейбір микробтар мен жануарлар өз ағзасында минералдар жасай алады. Ал өсімдіктердің биоминерализациясы ұзақ уақыт бойы жеткілікті бағаланбаған еді.
Қытай ғылым академиясының Гуанчжоу геохимия институтының зерттеушілері Blechnum orientale қырыққұлағын зерттеп, оның тіндерінен сирек кездесетін элементтер тапқан. Ғалымдар өсімдіктің оларды топырақтан сіңіретінін және нанобөлшектер түрінде тұндыратынын анықтады. Кейін олар монацит-(La) минералы ретінде кристалданады.
Табиғи монацит, геологиялық процестердің нәтижесінде түзілетін, көбіне радиоактивті элементтерді қамтиды. Ал папоротник арқылы түзілетін «биологиялық монацит» таза және радиоактивсіз болып келеді.
Бұл ғылыми жаңалық сирек кездесетін минералдардың шығу тегін түсінуді өзгертеді және өсімдіктер-гипераккумуляторлар көмегімен металдарды топырақтан экологиялық жолмен шығару – фитотазарту әдісінің мүмкіндігін негіздейді.
Айта кетейік, Қытай Орталық Азия өсімдіктері туралы көптілді деректер базасын құруды қолға алды.