Қытай ғарышқа жаңа жер серігін ұшырды
АСТАНА. KAZINFORM — Қытай сәрсенбі күні елдің солтүстік-батысындағы Цзюцюань ғарыш айлағынан жаңа жер серігін сәтті ұшырды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Синьхуаға сілтеме жасап.
Спутник Бейжің уақытымен сағат 19:41–де «Чанчжэн-2D» зымыран-тасығышымен ұшырылып, жоспарланған орбитаға сәтті шықты.
Бұл «Чанчжэн» («Ұлы жорық») сериялы зымыран-тасығыштардың 677-ші ұшырылымы болды.
Еске сала кетейік, Қытай «Чанчжэн-12» зымыран тасығышымен төменгі орбитада Жерді айналып жүретін, интернетке арналған жерсеріктердің 29-шы толқынын ұшырды.
Бұған дейін Қытайдың алғаш рет ғарыш станциясына шетелдік азаматты жіберетіні хабарланған болатын.