Қытай Газаны «ұжымдық жазалауды тоқтатуға» шақырды
Қытай Сыртқы істер министрі Ван И Израиль үкіметін «Газа тұрғындарын ұжымдық жазалауды тоқтатуға» шақырды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі BBC жаңалықтарына сілтеме жасап.
Қытай Сыртқы істер министрі Ван И жексенбі күнгі мәлімдемесінде Израильдің Газа секторындағы әрекеті «өзін-өзі қорғаудан тыс» және Израиль үкіметі «газалықтарды ұжымдық жазалауды тоқтатуы керек» деді.
Ван И бұл туралы сенбі күні Сауд Арабиясындағы әріптесі ханзада Фейсал бен Фарханмен телефон арқылы сөйлескен кезде айтты.
Ван Идің пікірі қақтығыс басталғаннан бергі Бейжіңнің ең қатал ресми мәлімдемесі болды.