Қытай халықаралық цифрлық юань орталығын ашты
АСТАНА.KAZINFORM - Шанхайда ресми түрде халықаралық цифрлық юань операциялық орталығы ашылды, деп хабарлайды Синхуа.

Орталықтың ашылуы Қытай Халық банкінің төрағасы Пань Гуншэннің маусым айында Луцзяцзуй форумында жариялаған жаңа шараларының бір бөлігі. Бастама цифрлық юаньның интернационализациясына жәрдемдесу, қаржы нарығын дамыту және цифрлық технологиялардағы инновацияларды қолдауға бағытталған.
Цинхуа университетінің Ұлттық қаржылық зерттеулер институтының директоры Тянь Сюань орталықтың іске қосылуы цифрлық юаньның дамуындағы маңызды қадам екенін атап өтті.
- Орталық Қытайдың жаһандық қаржы жүйесіндегі ықпалын ілгерілетеді және жаһандық трансшекаралық төлемдер жүйесін жетілдіру үшін Қытайдың ашық, инклюзивті және инновациялық шешімін ұсынады, - деді ол.
Орталықтың іске қосылуымен бірге цифрлық трансшекаралық төлемдер платформасы, блокчейн қызметтері платформасы және цифрлық активтер платформасын қоса алғанда, үш негізгі платформа ашылды.
Айта кетейік, Қытай шетелдік IT мамандарына арналған жаңа «K визасын» іске қосты.