Қытай инвесторлары Алматы облысындағы энергетикалық жобаларға 4,9 млрд доллар салмақшы

АСТАНА. KAZINFORM – Астанадағы «Орталық Азия – Қытай» индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумында бірнеше ірі энергетикалық жобаны қамтитын меморандумдарға қол қойылды.

экопроекты, ветроэнергетика
Фото: Anadolu ajansı

Бірінші құжат — Алматы облысының әкімдігі мен TBEA Company Limited компаниясы арасындағы қуаты 1000 МВт болатын күн электр станциясы мен трансформатор шығаратын зауыт салуды қамтитын ірі энергетикалық жобаны іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандум.

— Инвестор болашақта Алатау қаласын сенімді жылумен қамтамасыз ету үшін 1320 МВт қуаттылықтағы көмірмен жұмыс істейтін жылу электр орталығын салуды да жоспарлап отыр. Жалпы инвестиция көлемі — 3,7 миллиард доллар, — делінген «Kazakh Invest» мәліметінде.

Сондай-ақ, Алматы облысының әкімдігі мен «Арна-Маркет» компаниясы қуаты 1 ГВт болатын аккумуляторлы күн электр станциясын салу жобасы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Инвестиция көлемі — 1 млрд доллар.

Ал Shandong REETECH SmartOpto Technology Co. Ltd компаниясы облыс әкімдігімен Талғар ауданында қуаты 1170 МВт болатын күн фотоэлектр станциясын салу жобасы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жобаға Қазақстан тарабынан «Кербұлақское хозяйство» ЖШС қатысады. Инвестиция көлемі — 600 млн доллар.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан екінші АЭС салатын консорциумның тізгінін Қытайға беруге ниетті екенін мәлім болған еді. 

Соңғы жаңалықтар