Қытай Қазақстанның БРИКС құрамына кіруін қолдайды

АСТАНА. KAZINFORM – Қытай Қазақстанның БРИКС құрамына кіруін қолдайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздерден кейінгі баспасөзге арналған мәлімдеме барысында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин айтты.

Си Цзиньпин
Фото: Ақорда

«Қытай Қазақстанның БРИКС құрамына кіруін қолдайды. Қазақстанды рөлі артып келе жатқан, әлемдік істерге, жаһандық басқаруға лайықты үлесе қоса алатын әлемдегі орта державалардың бірі ретінде қолдайды», - деді Қытай басшысы.

Си Цзиньпин Қытай мен Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру ісінің басында тұрғанын атап өтті. 

«Қазақстан төрағалығының ШЫҰ қызметін дамытудағы және бірегей ынтымақтастықты ілгерілетудегі елеулі үлесін ерекше атап өткім келеді. Ертеңгі Астана саммиті толықтай табыспен өтетіні және ұйымымыздың қызметін жаңа белеске көтерері сөзсіз», - деді ҚХР Төрағасы.

Соңғы жаңалықтар