Қытай мамыр айының басында «Чанъэ-6» ай зондын ұшырады

Қытай
Фото: Синьхуа

АСТАНА. KAZINFORM — «Чанъэ-6» ай зондын ұшыру мамыр айының басына жоспарланған. Бұл туралы Қытай Ұлттық ғарыш басқармасы хабарлады.

Сенбі күні «Чанъэ-6» ай зонды мен «Чанчжэн-5 Y8» зымыран тасымалдағышы Хайнань провинциясындағы Вэньчан ғарыш айлағының ұшыру алаңына тігінен жеткізілді, деп хабарлайды Синхуа Қытай Ұлттық ғарыш басқармасына сілтеме жасап.

Ұшыру алдында функционалдық бақылау, бірлескен сынақтар және зымыран тасығышқа жанармай құю жұмыстары жүргізіледі.

«Чанъэ-6» ай зондының миссиясы – айдың келесі бетінен үлгілерді жинау.

Соңғы жаңалықтар