Қытай мектепке дейінгі тегін білім беру жүйесін енгізді

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл күзден бастап Қытай мемлекеттік балабақшалардағы оқу ақысын мектепке дейінгі дайындық жылында кезең-кезеңімен алып тастайды, деп хабарлайды Kazinform Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қытай мектепке дейінгі тегін білім беру жүйесін енгізді
Фото: Синьхуа

Ресми құжатта атап өтілгендей, бұл қадам отбасыларға түсетін қаржылық жүктемені азайтуға және мектепке дейінгі білім беру жүйесінің сапасын арттыруға бағытталған. 

Жекеменшік балабақшалардың тәрбиеленушілері үшін төлемақыны төмендету мемлекеттік мекемелердегі жойылған төлем сомасына баламалы сомада қарастырылған. Мектепке дейінгі мекемелердің табысынан айырылуы мемлекет тарапынан берілетін субсидия есебінен өтеледі. 

Сондай-ақ жергілікті билік органдарына азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын, оның ішінде аз қамтылған отбасы балаларын, жетім балаларды және ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау шараларын күшейту тапсырылды. 

Құжатта балабақшалардың тұрақты қызметін қамтамасыз ету үшін бюджеттік және білім беру бөлімдерінен оларды уақтылы және толық қаржыландыру қажеттігі баса айтылған. 

Естеріңізге сала кетейік, Қытайдағы балабақшалардың ақысы аймаққа байланысты өзгереді. Бейжіңде мемлекеттік балабақшаларда оқу жылына 10 мың юаньнан (шамамен 1 394 доллар) басталады. Жеке балабақшалардың құны әлдеқайда жоғары және айына бір бала үшін мыңдаған долларға дейін ақы төлеу керек болады. 

Хабарландыру билік ата-аналарға үш жасқа толмаған әрбір бала үшін жылына 500 долларға тең ақша ұсынатынын айтқаннан соң бір апта ішінде жасалды. Үкіметтің бала күтімі бойынша субсидиялау жүйесі отбасыларды қолдауға және бала тууды ынталандыруға бағытталған. 

Бұған дейін Қытай бала күтімі бойынша субсидияға 12,6 млрд доллар бөлетінін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар