Қытай мен АҚШ тариф мәселесі бойынша консультация өткізген жоқ - Қытай СІМ

АСТАНА.KAZINFORM - Қытай мен АҚШ тариф мәселесі бойынша консультациялар өткізген жоқ. Бұл туралы бейсенбі күні Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Го Цзякунь екі жақтың тариф мәселесі бойынша келіссөздер бастады деген жаңалыққа түсінік бере отырып айтты, деп хабарлайды Kazinform.

 Қытай мен АҚШ тариф мәселесі бойынша консультация өткізген жоқ
Фото: ҚХР СІМ

- Бұл жалған ақпарат. Қытай мен АҚШ келісімге келу былай тұрсын, тариф мәселесі бойынша консультациялар немесе келіссөздер жүргізген жоқ,- деді ол.

Оның айтуынша, тарифтік соғыс АҚШ-тың бастамасымен болған, ал Қытайдың ұстанымы «дәйекті және айқын».

- Біз күрессек, соңына дейін барамыз. Әңгімелесетін болсақ, есік ашық, диалог пен келіссөздер тең дәрежеде, сыйластықта және өзара тиімді болуы керек, - деп атап өтті ҚХР Сыртқы істер министрлігінің өкілі.

Осыған дейін Қытай Трамп әкімшілігін өзара тарифтерден толықтай бас тартуға шақырған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар