Қытай нөсер жауын салдарынан ескертудің «сары» белгісін жариялады

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың метеоқызметі елдің кейбір аудандарындағы нөсер жауын салдарынан дабылдың «сары» белгісін жариялады, деп хабарлайды Синьхуа.

Китай объявил «желтое» предупреждение из-за сильных ливней
Фото: Синьхуа

Ауа райы болжамына сәйкес, 10-11 шілде аралығында өткінші және нөсер жауын Фуцзянь, Гуандун, Хайнань, Юньнань, Гуйчжоу, Сычуань, Хубэй, Шэньси, Хэбэй провинцияларында, Тайвань аралында, Ішкі Моңғолия автономды ауданында және Гуанси-Чжуан автономды ауданында, сондай-ақ Чунцин мен Бейжіңде жауады.

Гуандун және Фуцзянь провинцияларының жекелеген аудандарында 300 мм-ге дейінгі мөлшерде өте көп мөлшерде ылғал түсуы ықтимал. Аталған өңірлердің бірқатарында өткінші жауындар жауып, олардың мөлшері 800 мм-ге дейін жетіп, жауынмен қоса күшті жел тұрады, найзағай ойнайды.

Метеорологтар жергілікті билік өкілдерін қалалар мен ауыл шаруашылығы алқаптарында судың тиімді жайылуын қамтамасыз етіп, қауіптің алдын алу шараларын қолдануға шақырып отыр.

Айта кетейік, Қытайда ауа райына байланысты ескертудің 4 деңгейі бар. Ең жоғарғы деңгей қызыл түспен белгіленеді, одан кейін қызғылт, сары және көк деңгейлер.

Осыған дейін Қытайда ғарышты зерттеу жөніндегі халықаралық қауымдастық жұмыс істей бастағаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар