Қытай Орталық Азия өсімдіктері туралы көптілді деректер базасын құрмақшы

АСТАНА.KAZINFORM - Шыңжаң экология және география институты (XIEG) Орталық Азияның құрғақ аймақтарындағы өсімдіктердің биоалуантүрлілігі туралы көптілді мәліметтер базасын құруды көздеп отыр, деп хабарлайды Синьхуа.

Китай создаст многоязычную базу данных о растениях Центральной Азии
Фото: Синьхуа

Жоба Қазақстан, Армения, Грузия, Әзербайжан және аймақтағы басқа елдердің ғылыми мекемелерімен бірлесіп жүзеге асырылады. Мәліметтер қоры қытай, ағылшын және орыс тілдерінде қолжетімді болады және ғылыми ақпарат алмасудағы олқылықтарды толтыруға арналған.

Жаңа платформа пәнаралық зерттеулердің, сондай-ақ экология және тұрақты даму саласындағы шешімдерді қолдаудың маңызды құралы болмақшы.

XIEG зерттеушісі Ли Вэнцзюнь 8 тамызда Қашқарда аяқталған биологиялық әртүрлілік жөніндегі халықаралық конференцияда мәлімдегендей, Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Ботаника және фитоинтродукция институтымен 300 мың гербарий үлгісін бірлесіп цифрландыру туралы келісімге қол жеткізілді.

«Біз 2026 жылға қарай бір миллион өсімдік үлгісін цифрландыруды аяқтауды жоспарлап отырмыз, бұл биоалуантүрліліктің жан-жақты дерекқорын құруды көздейді. 2030 жылға қарай жоба «Бір белдеу, бір жол» бастамасы елдеріне таралады», - деп қосты Ли.

Бастама 2022 жылы XIEG негізін қалаған Құрғақ жерлер биоәртүрлілігін сақтау альянсы аясында 11 ұлттық институт пен халықаралық ұйымдардың қолдауымен жүзеге асырылады.

Бұған дейін Мемлекет басшысы биологиялық әртүрлілікті қорғау қорын құруды ұсынғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар