Қытай Орталық банкі маусым айында банк жүйесіне 195 млрд доллар қосты

АСТАНА. KAZINFORM – Қытай Халық банкі (ҚХБ, Орталық банк) ағымдағы жылдың сым айында тікелей кері РЕПО операциялары арқылы банк жүйесіне шамамен $195 млрд қойсты, деп хабарлайды Kazinform. 

Қытай Орталық банкі маусым айында банк жүйесіне 195 млрд доллар қосты
Фото: finance.huanqiu.com

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, маусым айында екі кері РЕПО операциясы жүргізілген, бірінші транш 1 трлн юань (шамамен 139,2 доллар), екіншісі - 400 млрд юаньді (55,7 млрд доллар) құрады. 

Еске сала кетсек, 2024 жылдың қазан айында ҚХБ алғашқы операцияларын жаңа РЕПО жаңа құралын пайдалана отырып жүргізді. 

Кері РЕПО – бұл орталық банктің коммерциялық банктерден бағалы қағаздарды аукционда сатып алу, оларды болашақта кері сату туралы келісіммен жүзеге асырылатын процесс. 
Бұған дейін, 2025 жылдың алғашқы төрт айында Қытайда жалпы сомасы 10,06 трлон юань (1,39 трлн доллар) болатын жаңа несиелер берілді.

Қытайдан Еуропаға жіберілетін жерүсті тасымалының 80% Қазақстан арқылы өтетінін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар