Қытай Паралимпиада комитеті төрағасы: Қазақстанда параспорттың дамуына барлық жағдай жасалған

АСТАНА.KAZINFORM – Қытай Мүгедектер федерациясы (CDPF) мен Қытай Паралимпиада комитеті (NPC China) делегациясының басшысы Чэн Кай мырза Қазақстанға ресми сапармен келді.

параспорт
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform

Қытайлық делегацияны Қазақстан Республикасы Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев қарсы алды.

Сапар аясында, делегация Астанадағы «Тарлан» мұз айдыны және Паралимпиадалық жаттығу орталығы сынды бірқатар маңызды спорттық және оңалту нысандарына барды.

параспорт
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform

Екі ел Паралимпиада комитеті төрағасы спортшылармен сөйлесіп, олардың алдағы бәсекелерде жақсы нәтижелер көрсетуіне тілектестік білдірді.

Тараптар пара спорт, инклюзивті білім беру, жұмыспен қамту және медициналық оңалту салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылап, халықаралық бастамалар мен спорттық бағдарламалар аясында серіктестікті жалғастыру ниетін білдірді.

параспорт
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform

- Қытай Мүгедектер Федерациясы мен Қытай Паралимпиада Комитеті делегациясының басшысы Чэн Кай мырзаны қабылдау – біз үшін үлкен мәртебе. Қытай тарапының ашық диалог пен паралимпиадалық қозғалысты бірлесіп дамытуға ұмтылысын жоғары бағалаймыз. Бұл сапар екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға, озық тәжірибе алмасуға және біздің елдеріміздегі мүгедектігі бар спортшылар үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға маңызды қадам болады деп сенемін,- деді ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев.

параспорт
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform

Қытай Паралимпиада комитеті төрағасы Қазақстандағы Пара спорттың дамуын жоғары бағалап, осы сапардан өте керемет әсер алғанын жеткізді. 

– Бұл жолғы сапарымыздың басты мақсаты екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдетіп, тәжірибемен алмасу. Қазақстанда Параспорттың дамуына барлық жағыдай жасалған екен. Сонымен қатар, спортшылардың жеңіске деген жігері маған терең әсер қалдырды,- деді Чэн Кай мырза.

параспорт
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform

Айта кетерлігі, 2025 жылдың тамыз айында Қазақстан алғаш рет 45 елдің қатысуымен Азия Паралимпиадалық Комитетінің Бас Ассамблеясын өткізеді. Бұл оқиға елдің паралимпиадалық қозғалыстағы халықаралық беделін арттыруға бағытталған маңызды қадам болмақ.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Италияның Венеция қаласында ХХV Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындары медальдарының салтанатты таныстырылымы өтті.

параспорт
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform
Соңғы жаңалықтар