Қытай шетелдіктердің елге кіруін жеңілдетпекші

Қытай шетелдіктердің бірқатар санаттары үшін елге кіру ережелерін жеңілдетеді. Бұл туралы Қытайдың көші-қон жөніндегі мемлекеттік басқармасының шетелдіктермен жұмыс департаментінің директоры Мао Сюй мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Қытай
Фото: freepik.com

Қытайға қысқа мерзімді қызметпен, атап айтқанда, іскерлік ынтымақтастық, кәсіпкерлікпен айналысу, туыстарына бару, көрікті жерлерді аралау немесе жеке істерін жүргізу мақсатында келген шетелдіктер енді визаны ұзарту, ауыстыру және қайта рәсімдеу туралы өтінішті тұрғылықты жеріне жақын иммиграциялық әкімшілік органына бере алады.

Сонымен қатар, порт визасын алу үшін Қытайға келетін шетелдіктер үшін кіру шарттары жеңілдетіліп, елорда әуежайлары арқылы транзиттік өту тәртібі жеңілдетіледі. Бейжің әуежайларында 24 сағаттан аспайтын мерзімге транзитпен жүретін шетелдіктер шекаралық бақылау процедураларынан босатылады және виза қажет болмайды.

Жаңа ережелер Қытайға қысқа мерзімге туыстарымен кездесуге баруды да жеңілдетеді. Бұл мақсатпен кіретін шетелдіктерден шақырушы тараппен қарым-қатынасын растау және сәйкес аутентификация процедураларынан өту талап етілмейді. Оның орнына қабылдаушы тарап бұл туралы мәлімдеме ұсына алады.

Мао Сюй сонымен қатар, иммиграцияны басқару саласындағы ақпараттық технологияның жетілдірілуіне байланысты өтініш беру процесі бұрынғысынан да жеңілдей түсетінін айтты.

Соңғы жаңалықтар